Сіздерге сессияның қалай өтетінін жариялаймыз
Құрметті Қазақстан-Ресей медициналық университетінің студенттері!
Сіздер әлеуметтік желілерде бірнеше рет көтерген сұрақты түсіндіруге асықпыз – біздің университетте сессия болады?
Сіздің университет басшылығына берілген өтініштеріңіз үшін рахмет айтамыз.
▪Қазақстанда ТЖ байланысты сессия өткізіледі ма?
Иә, сессия академиялық күнтізбеге сәйкес өткізіледі. Сіздің курсынызға байланысты, сессиясының күндерін сайттың жеке кабинетінде көре аласыз lms.krmu.edu.kz “УД”деген бөлімде “академиялық күнтізбе”.
▪Неге сессияны тоқтатуға болмайды?
Университет өз қызметін қолданыстағы заңнама шеңберінде жүзеге асырады. Осыған байланысты, үлгерімді ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау ҚР БҒМ бұйрығымен бекітілген Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесі негізінде және МЖБС негізінде әзірленген оқу жұмыс жоспарына, академиялық күнтізбеге және оқу бағдарламаларына сәйкес білім алушылардың білім беру бағдарламаларын меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында өткізіледі.
Әр академиялық жыл аяқталғаннан кейін студент өткен оқу материалы бойынша емтихан тапсырады, емтихан қорытындысы бойынша бағалары бар транскрипт және өзінің GPA балын алады. Мұның бәрі студентті келесі академиялық жылға ауыстыру үшін қажет.
▪Сессия қалай өткізіледі?
Сессия қашықтықтан, яғни онлайн түрінде өткізіледі. Емтихандарды тапсыру дистанциялық форматта өткізіледі.
Бірақ, егер техникалық проблемалар болған жағдайда (интернет жылдамдығы төмен немесе де басқа жағдайда) сіз емтихан кестесіне сәйкес белгілі бір күндері онлайн форматта емтихан тапсыра алмайсыз және емтиханды “I” (Incomplete), яғни “аяқталмаған курс”деген баға қоюмен неғұрлым кеш мерзімге ауыстыра аласыз. Бұл студенттерге кейін университет корпусында оффлайн форматында емтихан тапсыруға мүмкіндік береді. Бұл баға GPA әсер етпейді.
Егер интернет жаман болса, желі жоғалса, мен емтихан тапсыра алмаймын?
Мұндай жағдайда сіз үшін емтихан тапсырудың екінші нұсқасы, яғни “INCOMPLETE” бағасы қарастырылған. Сізге деканатқа емтихан тапсырудың не себепті мүмкін еместігін түсіндіре отырып, емтихандарды онлайн тапсырудан бас тарту қажет және сізге емтихандарды жазғы семестрге, яғни Қазақстан Республикасында ТЖ жабық деп жариялаған сәтте ауыстыруыңыз қажет.
Құрметті студенттер, Біз университетіміздің академиялық адалдығын ұстануға және сессияны тапсыру процесін сіз үшін де, оқытушылар үшін де ыңғайлы ұйымдастыруға көмектесуге кеңес береміз.
Академиялық адалдықтың барлық ережелерімен біздің сайтта таныса аласыздар.