Сіздерді байқауға қатысуға шақырамыз
ЭССЕ БАЙҚАУЫ
2020 жылдың 23 сәуір-14 мамыр аралығында ҚРМУ білім алушылары арасында үздік эсселерге байқау өткізіледі.
МАҚСАТЫ:
- өзіндік шығармашылық, ғылыми ойлау және өз ойларын жазбаша баяндау дағдыларын дамыту;
- өз Отанының тарихи өткеніне патриотизм мен мақтаныш сезімін тәрбиелеу.
ЭССЕ БАЙҚАУЫ ҮШ НОМИНАЦИЯ БОЙЫНША ӨТКІЗІЛЕДІ:
- Пән бойынша Эссе;
- Медицинадағы инновация;
- Ұлы Отан соғысындағы халықтың ерлігі.
БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУ ҮШІН ҮМІТКЕРЛЕР ҰСЫНАДЫ:
- I кезең: 2020жылдың 24сәуір-14 мамыр аралығы: пән бойынша тақырып; байқауға қатысуға өтінім (2-қосымша).
- II кезең: 2020жылдың 27 сәуір-1мамыр аралығы: Эссе байқауы.
- III кезең: 2020 жылдың 4 мамыр-14 мамыр аралығы: қазылар алқасының жұмысы, байқау қорытындысын шығару және нәтижелерді жариялау.
БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫЛАР:
- эссе байқауы білімалушылардың барлық мамандықтары бойынша өткізіледі;
- байқауға қатысу ақысыз негізде жүзеге асырылады;
- байқауға қатысу үшін білім алушы белгіленген кезең уақытында байқау комиссияның мекен-жайына жұмысын жолдайды;
- байқауға жеке орындалған жұмыстар қабылданады. Авторлар ұжымы орындаған жұмыстар байқауға жіберілмейді;
- бір қатысушы байқауға бір жұмыс ұсынады.
БАЙҚАУ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
- жұмыс эссе жанрына сәйкес келуі керек;
- эссе байқау бағдарламасы аясында қарастырылатын номинациялар тақырыптары бойынша орындалады;
- эссенің әрбір тақырыбы сұрақ, мәселе, ойлауға ынталандыру және ғылыми, шығармашылық көзқарасты көрсетуі керек;
- эссе қосымшасы болуы мүмкін, бірақ бұл материалдың сипатына байланысты;
- байқауға белгіленген мерзімнен кеш алынған, байқау тақырыбына сәйкес келмейтін, сондай-ақ «Антиплагиат» жүйесінде авторлыққа сараптамадан өтпеген эссе жіберілмейді;
- әдебиетке сілтемелер тура нөмірленеді, мәтіннің соңында барлық шығыс деректерімен (автор, жұмыстың атауы, басылым қаласы, баспа (мерзімдік басылым), басылым жылы (шығарылым нөмірі), беті) төртбұрышты жақшада ресімделеді.
Байқау жұмыстары электронды түрде электрондық пошта a.zholdybaeva@krmu.edu.kz арқылы қабылданады (міндетті түрде хат тақырыбында Эссе байқауы және номинацияның атауы жазылуы тиіс).
ЭССЕНІ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
- Эссе байқауға А 4 форматындағы 3 бетке дейінгі көлемде электрондық түрде ұсынылуы тиіс, Microsoft Office Word бағдарламасында орындалады. Қаріп: Times New Roman; кегль-14, интервал-1,5. туралау-ені бойынша, барлық өрістер 20 мм;
- тақырып: беттің ортасында қалың қаріппен (автордың ТА оң жақ тақырып астында);
- содан кейін бір бос интервалдан кейін мәтін орналасады;
- жұмыс жеке файлда болуы керек;
- байқау жұмысында келесі мәліметтерді қамтитын файл болуы керек:
- тегі, аты (толық), мамандықтың атауы, курсы, топ нөмірі, байланыс ұялы телефоны, электрондық мекенжайы, консультациялық немесе әдістемелік көмек көрсеткен жетекші туралы мәліметтер (егер бар болса) (2-қосымша);
- эссені жазу тілі- мемлекеттік / орыс / ағылшын;
- емле ережелеріне сәйкестігі міндетті түрде;
- көрсетілген талаптарға сай келмейтін жұмыстар байқауға қатысуға жіберілмейді;
- барлық ұсынылған жұмыстар (эссе) «Антиплагиат» жүйесінде авторлыққа міндетті тексеруден өтеді.
- Байқаудың жеңімпаздары болып жұмыстары номинациялар бойынша 1-3 орын алған қатысушылар танылады.
- байқаудың номинация бойынша жеңімпаздары дипломдар алады. Үздік нәтижелер ҚРМУ сайтында жарияланады.
- байқау жеңімпаздарының есімдері 2020 жылдың 15 мамырында жарияланады.
Барлық сұрақтар бойынша электрондық пошта арқылы a.zholdybaeva@krmu.edu.kz немесе +77071974080 телефон арқылы хабарласуға болады.
2-қосымша
ПӘНДЕР БОЙЫНША ЭССЕ БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ
Тегі _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
Аты _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
Мамандығы _ _ _ _ _ _ _ _ _
Курсы _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
Тобы _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
Байланыс ұялы телефоны _ _ _ _ _ _ _ _
Электрондық мекен-жайы _ _ _ _ _ _ _
Консультациялық немесе әдістемелік көмек көрсеткен жетекшінің Т.А.Ә. (егер болса) _ _ _ _ _ _ _ _ _ _