Университеттің студенттерімен бірге мұражайларға виртуалды саяхат жасайық
Британ мұражайы бойынша виртуалды саяхат
2020 жылдың 24 сәуірінде жалпы медицина факультетінің 202 А және Б тобында топ кураторы К. Бекова Британдық мұражай, Ұлыбританияның бас тарихи-археологиялық 94 галереядан тұратын, 8 миллионнан астам жәдігерден құралған мұражайға виртуалды саяхат ұйымдастырды. Студенттер ең ірі ежелгі Қосөзен жинақтарымен, мумия мен саркофагтар жинақтарымен, «Сиқырлар кітабы», «Алмазды сутра» (әлемдегі ең көне баспа кітабы), Акропольдің кесілген мәрмәрімен тағыда басқа көптеген жәдігерлермен танысты.
Кобе мәдениетінің көз тартарлық орындарына саяхат.
2020 жылдың 29 сәуірінде Стоматология факультетінің 407 А және Б топтарының кураторы У.А. Қуатбаева Kobe City Museum бойынша студенттерге онлайн экскурсия ұйымдастырды. Басты қалалық мұражайда 50 000 астам бірегей экспонаттар жиналған. Олардың барлығы тақырыптық бөлімдер бойынша бөлінген, мұражайда археологиялық жолмен табылған, өнер туындыларының, бағалы заттар мен қолөнер бұйымдарының коллекциялары қойылған.
«Шырақ жанған түн»драмасын онлайн тамашалау
2020жылдың 15 сәуірінде Стоматология факультетінің 401 А және Б топтарының кураторы Ф.Г. Омаровтың ұйымдастыруымен М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына «Шырақ жанған түн» атты қойылымын виртуалды тамашалау – кураторлық сағаты өткізілді.
Қойылымның басты тақырыбы адамдық қарым-қатынасы болып табылады, адамдар бір-бірін тауып, жақсы көреді, сонымен қатар ақымақтық салдарынан өз махаббатын жоғалтады, немқұрайлы, қатал және қайрымсыз жанға айналады.