«Қашықтықтан оқыту кезінде интернет желісінде электрондық ресурстарды іздеу тәсілдері» тақырыбындағы вебинар
«Қашықтықтан оқыту кезінде интернет желісінде электрондық ресурстарды іздеу тәсілдері» тақырыбындағы вебинар
2020жылдың 20 сәуір күні Университет кітапханасы «Қашықтықтан оқыту кезінде интернет желісіндегі электрондық ресурстарды іздеу тәсілдері» тақырыбында студенттерге, магистранттарға және оқытушыларға арналған Zoom қосымшасында онлайн режимінде вебинар ұйымдастырды.
Вебинар ұйымдастырушылары қатысушылардың сұрақтарына жауап берді:
- 1. Деректер қорын қалай пайдалану керек?
- 2. Ашық қолжетімділікте қандай ресурстар бар?
- 3. Scopus және Web of science базаларында т.б. дәйексөз индексі мен Хирш индексі нені білдіреді қалай анықтау керек.
Бұдан әрі қатысушылар келесі вебинарды Хирш индексі мен дәйексөз индексін анықтау бойынша қадамдық форматта өткізуді ұсынды.