Келесідей тақырыптарда; «Жеңіс үшін – атамызға рахмет!!! ҰОС қазақстандық батырлар»
және «Қазақстандық медиктердің Ұлы Отан соғысындағы жеңіске қосқан үлесі»
«Жеңіс үшін – атамызға рахмет!!! ҰОС қазақстандық батырлар»
тақырыбында кураторлық сағат
2020 жылдың 8 мамырында Жалпы медицина факультетінің 120 А және Б топтарының кураторы Е.Ю. Шемкутованың жетекшілігімен «Жеңіс үшін атамызға рахмет! ҰОС қазақстандық батырлар» тақырыбында кураторлық сағат ZOOM форматында өтті.
Іс-шараның басты мақсаты: білім алушылардың рухани-адамгершілік дамуы мен тәрбиесіне ықпал ету, қазақстандық патриотизмді, Отанға деген құрмет пен сүйіспеншілікті қалыптастыру, соғыс ардагерлерінің батырлар буынына, батырлығы мен батылдығына алғыс айту.
«Қазақстандық медиктердің Ұлы Отан соғысындағы жеңіске қосқан үлесі» тақырыбында кураторлық сағат
2020 жылы 12 мамырда Қоғамдық денсаулық сақтау факультетінің 403 А және Б топтарында куратор А.А. Строеваның жетекшілігімен «Қазақстандық медиктердің Ұлы Отан соғысындағы жеңіске қосқан үлесі» тақырыбында кураторлық сағат-вебинар өтті.
Қазақстандық медиктердің жеңіске қосқан үлесі туралы студенттер Елеукулова Махбуба және Абдикарова Малика баяндама жасады. Сонымен қатар, студенттер өздерінің ата – әжелері, Ұлы Отан соғысына қатысқан туыстары туралы презентациялар мен бейнероликтер ұсынды, өздерінің алған әсерлерімен бөлісіп, соғыс батырлары туралы естеліктерді жастар мен болашақ ұрпақ үшін сақтаудың маңыздылығын талқылады.