Құрметті сайт оқырмандары Сіздерге онлайн-конференция өткізу туралы есесбін назарларыңызға ұсыңамыз
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған
«Ұлы Отан соғысы жылдарындағы медицина қызметкерлерінің ерлігі» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми онлайн-конференция өткізу туралы есебі
2020 жылғы 21 мамырда Қазақстан-Ресей медициналық университетінің базасында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдық мерейтойына арналған «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы медицина қызметкерлерінің ерлігі» тақырыбында Халықаралық ғылыми онлайн-конференция өтті.
Конференцияға қатысушылардың алдында Джайнакбаев Нурлан Темирбекович «Қазақстан-Ресей медициналық университеті» МЕББМ ректоры, м.ғ. д., профессор, Қазақстан Республикасының клиникалық және іргелі медицина ғылым академиясының Вице-президенті, «The Academic Union Oxford» дипломанты, Алматы қ., Қазақстан Республикасы; Переверзева Ирина Владимировна, Ресей Федерациясының Алматы қ. Бас консулдығының консулы, ф. ғ. к., доцент; Пальцев Александр Иванович, м. ғ. д., профессор, Ресей Федерациясына еңбегі сіңген дәрігері, Ресей Федерациясының РІҒА академигі құттықтау сөз сөйледі.
Конференция барысында 51 баяндама тыңдалды. Конференцияға 7 елден 100-ден астам адам қатысты: Ресей, Беларусь, Израиль, Түркіменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Қазақстан. «Қазақстан-Ресей медициналық университеті» МЕББМ сайтында және ресми Youtube-арнасында онлайн-трансляцияны 7500-ден астам пайдаланушы тамашалады.
Конференцияға қатысушылар баяндамаларды орындау жұмысына аса ыждахаттылықпен және құрметпен атсалысып Ұлы Отан соғысы кезіндегі медицина қызметкерлерінің іс жүзінде барлық аспектілерін ашты. Израильдік әріптестердің « Екінші дүниежүзілік соғыстағы еврей-дәрігерлер» баяндамасы бір де бір тыңдаушыны бей-жай қалдырмады. Санкт-Петербург, Ресей спикерлері Қоршаудағы Ленинград дәрігерлерінің ерліктері туралы баяндамаларын ұсынды. Конференция барысында Мәншүк Мәметованың, Разия Ысқақованың, Халида Мамонованың және басқа да Ұлы Отан соғысы батырларының есімдері айтылды.
Баяндама тақырыптары медицина қызметкерлерінің майдандағы жұмысын да қамтыды – «Соғысқа байланысты тағдырлар» (Гроднен мемлекеттік медицина университеті); «Партизан отрядтарының медициналық қызметін ұйымдастыру» (Витебск мемлекеттік медицина университеті) және тылдағы – «Ұлы Отан соғысының жеңісіне Өзбекстандық ғалым-медиктерінің қосқан үлесі» (Әбу Әли ибн Сино атындағы Бұхара мемлекеттік медицина институты, Бухара қ.); «Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қырғызстандағы балалардың денсаулығын қорғау» (Б. Н. Ельцин атындағы Қырғыз-Ресей Славян Университеті);); «Ұлы Отан соғысы жылдарында жараланғандар мен науқастарды емдеудегі Тәжікстан медиктерінің үлесі » (Ижев мемлекеттік медициналық академиясы); «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы № 995 эвакогоспитальдің емдеу қызметі туралы »(В. И. Разумовский атындағы Саратов мемлекеттік медицина университеті) және басқа да көптеген баяндамалар конференция тыңдаушыларының қызығушылығын тудырды.
М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университеті, Омбы мемлекеттік медицина университеті, Новосибирск мемлекеттік медицина университеті, Смоленск мемлекеттік медицина университеті, С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медицина университеті баяндамашылары Ұлы Отан соғысы кезіндегі жоғары оқу орындары қызметкерлерінің жанқиярлық жұмысы туралы айтып берді.
«Ұлы Отан соғысы жылдарында медицина қызметкерлерінің ерлігі» атты бірінші Секцияның модераторлары м.ғ. д., профессор, Ресей Федерациясына еңбегі сіңген дәрігері, Ресей Федерациясының РІҒА академигі Пальцев Александр Иванович және Израиль қаласының «Кармель» оқу-клиникалық орталығының директоры Блейзер Александр болды. Трансляция кезінде 16 баяндама тыңдалды.
«Ұлы Отан соғысы жылдарындағы әскери және азаматтық денсаулық сақтауды ұйымдастыру» екінші Секциясының жұмысын Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Қазақстан Республикасының клиникалық және іргелі медицина ғылым академиясының академигі, «Қазақстан-Ресей медициналық университеті» МЕББМ жоғары оқу орнынан кейінгі үздіксіз білім беру кафедрасының Офтальмология курсының меңгерушісі, м.ғ. д., профессор, Ботабекова Турсункуль Копжасаровна және Ресей Федерациясы , Санкт-Петербург қаласы МБҰ «И. И. Джанелидзе атындағы Сант-Петербург жедел жәрдем ҒЗИ”», м. ғ. д., доцент Барсукова Ирина Михайловна басқарды. Конференцияға қатысушы әр елден -15 спикер қатысты.
Конференция ұйымдастырушылары мен қатысушылары үшін «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы медицина қызметкерлерінің ерлігі: ұрпақтар диалогы» атты үшінші Секцияның жұмысы аса маңызды болды, оны Санкт-Петербург қ., Ресей Федерациясы МБҰ «И. Джанелидзе атындағы Санкт-Петербург ғылыми-зерттеу институты» м. ғ. к., нейрохирургия бөлімінің жетекшісі Чечулов Павел Валерьевич, және Ресей Федерациясы., РФ ДСМ Омск, ФМББҰ ЖБ «Омбы мемлекеттік медицина университеті», тарих ғылымдарының кандидаты, философия және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасының доценті, Белова Татьяна Анатольевна басқарды.
Бұл секцияның жұмысына тек жас ғалымдар, студенттер мен оқушылардың ғана қатысуы ұрпақтар сабақтастығын, біздің отандастарымыздың ерліктері мен тарихты есте сақтаудың маңыздылығын растады. 20 баяндама тыңдалды, оның әрқайсысы әлемді фашизмнен қорғаған замандастарының алдында жас ұрпақтың азаматтық парызын білдірудің көрінісі болды.
3 секция аясында жас ғалымдар Баяндамалары байқауы өткізілді. Байқау комиссияның құрамына Белова Татьяна Анатольевнаның төрағалығымен төмендегілер кірді:
- Блейзер Инна – маркетинг и және қоғаммен байланыс, жарнама директорының орынбасары, «Кармель» оқу-клиникалық орталық, Хайфа қ, Израиль;
- -Карасаев Габит Ермекбаевич, запастағы медицина қызметінің подполковнигі «М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КеАҚ әскери кафедрасының оқытушысы Ақтөбе қаласы, Қазақстан Республикасы;
- Семёнова Светлана Георгиевна, жұқпалы аурулар кафедрасының ассистенті, БҰ «Гродненский мемлекеттік медицина университеті», Беларусь;
- Оракбай Лязат Жадигеровна – м.ғ. д., эпидемиологиия және гигиена курсымен Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасы меңгерушісі м. а. «Қазақстан-Ресей медициналық университеті» МЕББМ.
Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды «Өзбекстанның медик ғалымдарының Ұлы Отан соғысының жеңісіне қосқан үлесі» баяндамасы үшін Джунаидова Азиза иеленді. Әбу Әли ибн Сино атындағы Бұхара мемлекеттік медицина институты, Бұхара қ., Өзбекстан Республикасы
Екінші орын 2 баяндамаға берілді.
- «Ұлы Отан соғысы жылдарында әскери және азаматтық денсаулық сақтауды ұйымдастыру» – Мамадалиев Мамур, ФМББҰ ЖО « Ижевск мемлекеттік медициналық академиясы», Ижевск қ., Ресей Федерациясы;
- «Смоленск мемлекеттік медицина институты ғалымдарының Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Жеңіске қосқан үлесі» – Тучков Иван, Солодовникова Е. В., ФМББҰ ЖО”Смоленск мемлекеттік медицина университеті” Смоленск қ., Ресей Федерациясы.
Үшінші орын:
- «Отряд 731» – бактериологиялық соғысты жүргізудің қылмыстық әдістері» – Искандерова Ринат, ФМББҰ ЖО «Ижевск мемлекеттік медициналық академиясы» РФ ДСМ, Ижевск қ., Ресей Федерациясы;
- «Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстандағы хирургиялық қызметті дамытуға академик А. Н. Сызғановтың қосқан үлесі» – Белюченко Виктор, «Қазақстан-Ресей медициналық университеті» МЕББМ, Алматы қ., Қазақстан Республикасы.
Байқау комиссиясы мазмұндылығы мен презентация материалдары үшін бірнеше баяндамаларды ерекше атап өтті:
- «Смоленск мемлекеттік медицина институтының Ұлы Отан соғысы жылдарындағы оқытушылары мен студенттерінің қызметі» – Худовекова Александра, Шабаева Е. И. ФМББҰ ЖО «Смоленскі мемлекеттік медицина университеті» РФ ДСМ, . Смоленск қ, Ресей Федерациясы;
- Дағыстанның эвакогоспиталдарындағы ғылыми қызметі ” – Демирова Диана, ФМББҰ ЖО Дагестан мемлекеттік медицина университеті, РФ ДСМ, Махачкала қ., Ресей Федерациясы;
- «Миллиондаған адам өмірін құтқарған әскери медицина қызметкерлері» – Жақсыбаева Мөлдір, «Қазақстан-Ресей медициналық университеті» МЕББҰ, Алматы қ., Қазақстан Республикасы.
Сонымен қатар, Конференция шеңберінде конференция жұмысына қатысқан медициналық оқу орындарының оқушылары мен қызметкерлері жасаған Ұлы Отан соғысы жылдарындағы медицина қызметкерлерінің ерлігіне арналған Үздік бейнеролик Байқауы өткізілді (бейнероликтер сілтеме бойынша қолжетімді https://krmu.edu.kz/podvig-meditsinskih-rabotnikov-v-velikoj-otechestvennoj-vojne/). онлайн-дауыс беру нәтижелері бойынша үздік деп танылды:
Ең көп дауыс саны (709) «Қазақстан-Ресей медициналық университеті» МЕББМ балалар жұқпалы аурулары курсымен педиатрия ғылымдары кафедрасының қызметкерлерімен құрылған бейнеролик жинады, Алматы қ., Қазақстан Республикасы.
«МАНШУК МАМЕТОВАНЫҢ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНДАҒЫ ЕРЛІГІ»
– роликтің авторлары- Мерикен Н. С., ассистент, Байдаулетова Ж. Г., дәрігер – интерн, жетекшісі-м.ғ. д., профессор Нұғманова Айгүл Маратқызы, балалар жұқпалы аурулары курсымен педиатрия мамандықтары кафедрасының меңгерушісі, «Қазақстан-Ресей медициналық университеті» МЕББМ, Алматы қ., Қазақстан Республикасы. Бұл ролик 1-ші орынды иемденді.
Екінші орынды 555 дауыс жинап, «ӨМІРБАЯН» деректі фильмі алды – Сталинград шайқасының батыры, м.ғ. д., профессор З. С. Сеитов туралы. Идея авторы – Джайнакбаев Нурлан Темирбекович – «Қазақстан-Ресей медициналық университеті» МЕББҰ ректоры, м. ғ. д., профессор, Қазақстан Республикасы клиникалық және іргелі медицина ғылым академиясының Вице-президенті, “The Academic Union Oxford” дипломанты, Алматы қ., Қазақстан Республикасы.
Екінші орын (555 дауыс) С.Ж. Асфендиярова, атындағы ҚазҰМУ студенттері жасаған «ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДА ҚАЗАҚСТАНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ» ролигіне ЖДП. №1 кафедра ассистенті Исаева Қорлан Құдайбергенқызы жетекшілігімен Титенаева Жансаяға берілді,, Алматы қ., Қазақстан Республикасы
Үшінші орынды 467 дауыс жинап, «ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚЫЗДАРДЫҢ ҰЗАҚ ЖОЛЫ» жалпы дәрігерлік практика кафедрасының резиденттері жасаған «Қазақстан-Ресей медициналық университеті» МЕББМ, Кеңесбай Айдана және Сәлем Естай иеленді. Жетекші- м.ғ.д профессор Лигай Зоя Николаевна, жалпы дәрігерлік практика кафедрасының меңгерушісі, «Қазақстан-Ресей медициналық университеті» МЕББМ, Алматы қ., Қазақстан Республикасы.
«Қазақстан-Ресей медициналық университеті» МЕББМ конференцияға қатысушыларға Ұлы Отан соғысы тақырыбына ерекше қызығушылық танытқаны және біздің әріптестеріміз – дәрігерлер, медбикелер және санитарлардың Жеңіске жетудегі ерлігі үшін алғыс білдіреді. Біздің тарихымыз ортақ , естелік ұрпақтан ұрпаққа жалғасуы тиіс. Медиктердің батырлығы туралы естелік, олардың есімдері ешқашан ұмытылмайды.
Конференцияны ұйымдастыруға және өткізуге қатысқаны үшін, секцияларды кәсіби жүргізгені және әрбір баяндамашыға назар аударғаны үшін конференция модераторларына ерекше алғыс білдіргіміз келеді:
- Пальцеву Александру Иванович, м.ғ.д., профессор, Ресей Федерациясына еңбегі сіңген дәрігері, РІҒА академигі, Ресей Федерациясы;
- Блейзер Александр, «Кармель»оқу- клиникалық орталығы директоры Хайфа қ.(Израиль);
- Ботабековой Турсункуль Копжасаровна, д.м.н., профессор, Клиникалық және іргелі медицина ғылымдары Академиясының академигі, Қазақстан Республикасы
- Барсуковой Ирине Михайловна, м.ғ.д., МБҰ«И. И. Джанелидзе атындағы Санкт-Петербург жедел жәрдем ҒЗИ» доценті, Санкт-Петербург қаласы, Ресей Федерациясы;
- Чечулова Павел Валерьевич, м.ғ. к., МБҰ «И. Джанелидзе атындағы Санкт-Петербург ғылыми-зерттеу институты» нейрохирургия бөлімінің басшысы, Санкт-Петербург қаласы, Ресей Федерациясы;
- Беловой Татьяне Анатольевне, тарих ғылымдарының кандидаты, философия және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар кафедрасының доценті, ФМББҰ ЖО «Омск мемлекеттік медицина университеті» РФ ДСМ, Омск қ., Ресей Федерациясы.