Сіздерге ережемен танысуға шықырамыз
«ҚазРесмедуниверситеті»МЕББМ резидентурасына қабылдау емтиханын өткізу бойынша үміткерлерге арналған нұсқаулық
Қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, резидентураға қабылдау емтиханы қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы өткізіледі. Емтихан«Zoom.us»платформасында өткізіледі
Үміткердің құқықтары мен міндеттері:
– этикалық нормалар кодексі мен академиялық адалдық кодексін қатаң сақтау;
– дыбыстық сүйемелдеу мен бейнетрансляцияны қосу;
– жауапты әкімшінің талабы бойынша жеке басын верификациялаудан өту, өз тегін, атын, әкесінің атын нақты айту;
– техникалық ақаулар болған жағдайда (егер жарық өшірілсе, интернет жоғалса, басқа жағдайларда) ақаулар туралы жауапты әкімшіге*хабарлау;
– жауапты әкімшінің / емтихан алушының талабы бойынша электронды тасымалдағыш камерасын жұмыс үстеліне ауыстырып, бөлмені 360көрсету;
– қорытынды бақылау нәтижесімен келіспеген жағдайда-апелляцияға беру;
-тыйым салынады: браузердегі қосымша беттерге өту, басқа адамдардың кеңестерін пайдалану, шпаргалкаларды қолдану, телефон арқылы қоңырау шалу және ескертусіз кету және кез-келген алдау әрекеттерін жасау.
1. Барлық үміткерлер электрондық тасымалдағышқа (телефон, планшет, ноутбук) Zoom қосымшасын жүктеп алу қажет.
2. Емтиханды үздіксіз өткізу үшін электронды тасымалдағышты интернетпен қамтамасыз ету қажет
3. Емтихан басталғанға дейін 15 минут бұрын, кестеге сәйкес, үміткер бейнеконференцияға қосылып, кестеге сәйкес күту залында қалуы керек.
4. Үміткербағдарламаға міндетті түрде«Тегін, Атын, Әкесінің атын»жазып кіруі қажет, кіру кезінде өзімен бірге жеке куәлігі, қалам, қағаз парақтары болуы керек.
5. Жауапты әкімші үміткердің емтиханға қатысуын белгілейді. Осы рәсім кезінде үміткер өзінің тегін, атын, әкесінің атын анық айтып,жеке куәлігін көрсетуі тиіс.
6. Үміткер билет нөмірін таңдайды және чата немесе ауызша хабарлайды.
7. Тапсырманы алады. Ол үшін көрсетілім экранынан билет сұрағының скриншотын жасайды.
8. Дайындыққа берілген уақытты үміткердің тапсырманы алу уақытына байланысты әкімші жеке белгілейді. Жауап дайындауға 10 минут беріледі.
9. Дайындыққа бөлінген уақытты есептеудің басталуы әрбір үміткердің емтихан материалын алған уақыты болып табылады.
10. Ауызша жауапқа 7-10 минуттан артық емес уақыт бөлінеді.
11. Емтиханды бағалау емтиханалушының бағалау парағы бойынша жүзеге асырылады.
12. Емтихан барысында апелляция кезінде қолданылатын бейнежазба жасалады.
* Жауапты әкімшілердің телефондары:
Ибраймжанова Жанар Ергазиевна +7 747 335 46 08(арна1)
Турлы Назерке Багдаткызы +7 702 871 24 96 (арна 2)
Сынақ кестесін жүктей аласыз