2020 жылдың 3-ші желтоқсан күні Қазақстан-Ресей медицина университетінің Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы Байгубекова Арайлым Сазанбекқызының ұйымдастыруымен «Фармация» мамандығының 102 А және Б тобы студенттерімен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған онлайн режимінде ашық тәрбиелік іс-шарасы өткізілді. Шараға кафедра меңгерушісі тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Шуланбекова Гүлжанар Құралбекқызы және кафедра оқытушылары Оразхан Таиржан Оразханұлы, Сумесинов Асхат Сатыбалдыұлы, Қызырова Арайлым Әсетқызы қатысты.
Ашық тәрбиелік іс-шарасы барысында көрнекілік құралдар ретінде тарихи құнды мәліметтер келтірілген білім алушылардың өздері зерттеу жұмыстарын жүргізіп, дайындаған бейне роликтері қолданылды. Сонымен қатар, тақырыпқа байланысты Деректі фильмдер қойылып, презентациялар көрсетілді. Білім алушылардың «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты тақырыбында дайындалған челлендж ұсынылды.