1-желтоқсан елімізде 2012 жылдан бастап «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» ретінде мерекеленіп келе жатқан айтулы даталардың бірі. Бұл күн 2011 жылы 10 желтоқсанда парламент сенатының отырысында «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» заңына толықтырулар енгізу туралы» заңнамасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың еліміздің Тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуы мен саяси және экономикалық дамуынындағы ерен еңбегінің құрметіне арналған мемлекеттік мереке болып табылады.
Осыған орай, 30 қараша 2020 жылы Қазақстан-Ресей медициналық университеті Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Анапияева Гаухар Болшымбайқызының ұйымдастыруымен, «Стоматология» факультетінің 1 курс студенттері қатысқан («Ұлт көшбасшысы») атты онлайн дөңгелек үстел шарасы өтті.
Онлайн дөңгелек үстелге Қазақстан-Ресей медициналық университеті Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Шуланбекова Г.Қ., кафедра доценті, саяси ғылымдарының кандидаты Даулбаев Т.Ф., аға оқытушы Оразхан Т.О., оқытушы Хамытхожаева Д.Ж.
Шараны аға оқытушы Анаяпияева Г.Б. құттықтау сөзімен бастап, айтулы мерекенің тарихи маңызына тоқталды. Еліміздің Тәуелсіздік жылдарындағы жеткен жетістіктері мен бағындырған биіктерін, осы жетістіктерге жетуіміздегі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың алатын орны мен сіңірген еңбегін ерекше атап өтті. «Стоматология» мамандығының 1 курс студенттері, қазақ халқының Тәуелсіздік жолындағы келешек ұрпақтың мәңгі жадында сақталуы тиіс басынан өткерген қиындықтары мен күреске толы жылнамасына арналған презентация жасады. Саяси ғылымдарының кандидаты Даулбаев Тимур Файзиұлы, дөңгелек үстел қатысушыларын айтулы мерекемен құттықтап, Қазақстандағы Президент институтының құрылуы мен даму ерекшеліктеріне арналған баяндама жасады.
Шара соңында Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Шуланбекова Г.Қ. дөңгелек үстел қатысушыларын айтулы мерекемен құттықтай келіп, шараны ұйымдастыруға атсалысқан еліміздің болашағы студент-жастарға алғыс білдірді. Бұл мерекенің Тәуелсіз Қазақстанның әлемдік саясат пен халықаралық қатынастардың дербес субъектісі ретінде дүние жүзіне танылуы мен еліміздегі Президент институтының құрылуы және оның даму ерекшеліктерімен де байланысты Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарындағы бағындырған биіктері мен барша жетістіктерінің де мерекесі екенін айтып, дөңгелек үстел жұмысын қорытындылады.