Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында және қазақтың ұлы ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай Тәрбие және әлеуметтік жұмыс бөлімі Тілдік пәндер кафедрасымен бірлесіп 2021 жылдың 9-25 ақпан аралығында Қазақстан Республикасының медициналық ЖОО арасында «Жазылар естеліктер мен туралы…» атты республикалық онлайн фестивалін ұйымдастырып, өткізді. Мақатаевтың поэзиясы патриотизмге толы, оның негізгі компоненттері өз халқына және ана тіліне деген сүйіспеншілік.
Бұл шараның негізгі мақсаты – Мұқағали Мақатаевтың өмірі және шығармашылығымен таныстыру. Ақын поэзиясының мәнін және оның өміршеңдігінің құпиясын көрсету. Фестивальде ақынның өз шығармалары, оның өлеңдеріне жазылған әндер және студенттердің ақынға арнап шығарған өлеңдері орындалды. Іс-шараға Қазақстанның 6 медициналық ЖОО 54 өкілдері қатысты: Астана медицина университеті, М.Оспанов ат. Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті, Семей медицина университеті, С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті, Қарағанды медицина университеті және Қазақстан-Ресей медициналық университеті.
Фестивальдің барлық қатысушыларына дипломдар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.