«Этика және этикет, қарапайым мәдени мінез-құлық нормалары» тақырыбында онлайн кураторлық сағат.
2021 жылдың 10 наурызында Жалпы медицина факультетінің 105 А, Б және 106 А, Б топтарының кураторы Г.С.Сапар онлайн режимде «Этика және этикет, қарапайым мәдени мінез-құлық нормалары» тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Кураторлық сағаттың мақсаты: адамдардың мінез-құлқы мен қарым-қатынасындағы негізгі этикалық талаптар бойынша білім алушылардың білімдерін жалпылау, этикеттің негізгі категориялары туралы түсініктерін кеңейту.
Білім алушылар «этика», «этикет» ұғымдарымен, олардың шығу тегімен, олардың қалыптасуының мәні мен маңыздылығымен танысты, әртүрлі жағдайлардағы мінез-құлық ережелерін қарастырды.