ҚазРесмедуниверситетінің Молекулярлық биология кафедрасы жалпы химия және биохимия курстарымен Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің Биология кафедрасымен бірлесіп, 2021 жылдың 9 сәуірінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және академик Г.З. Бияшевтің 115 жылдық мерейтойына арналған «Генетика» және «Молекулярлық биология» пәндері бойынша қашықтық форматында университетаралық викторина ұйымдастырды.
Викторинаның мазмұны бойынша тапсырмалардың 3 түрі берілді: 1 тапсырма – тапсырмаларды шешу (40 балл), 2 – схеманың нұсқаларын анықтау (30 балл), 3 – сұрақтарға жауаптар (30 балл).
Бұл іс-шараның мақсаты-студенттерді осы пәндерді жақсы меңгеруге және олардың маңыздылығын түсінуге ынталандыру, себебі қазіргі уақытта генетика мен молекулярлық биология медицина және биология саласында маңызды орын алады. Генетика заңдары әмбебап, олар өсімдіктер үшін де, жануарлар үшін де, адамдар үшін де бірдей қолданылады және болашақ үшін үлкен маңызға ие.
Викторинаға Қазақстан-Ресей медициналық университетінің, Абай атындағы ҚазҰПУ және С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ студенттері қатысты. Барлығы 120 студент қатысты. Генетика және молекулярлық биология бойынша сұрақтарға жауаптардың мазмұны толық болды. Тапсырманы орындай отырып, студенттер жоғары білім деңгейін көрсетті. Марапаттау әр оқу орны студенттерінің жалпы көрсеткіштерінің орташа балын анықтау бойынша жүргізілді. Викторина қорытындысы бойынша келесі орындар берілді:
ҚазРесмедуниверситеті-1 орын;
Абай ат. ҚазҰПУ -2 орын;
Асфендияров ат. ҚазҰМУ-3 орын.