2021 жылдың 20 сәуірінде «Жалпы медицина» факультетінің 1 курс студенттері үшін Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы А.С.Сумесиновтың ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне» арналған ашық тәрбиелік іс-шара өтті.
Іс-шара барысында студенттер саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, Алаш қайраткерлерінің тәуелсіздік үшін күресіне, саяси қызметі туралы, олардың қайғылы тағдыры мен рухани мұрасы туралы баяндамалар мен презентациялар жасады. Отанға қызмет етудің үлгісіне айналған алашордашылардың өнегелі өсиеттері, білім және ғылым саласындағы шығармашылық ізденістері туралы тарихи дереккөздерден мысалдар келтіріліп, болашақ ұрпақтың жадында мәңгі сақталатын ұлы істер, батырлардың адамгершілік келбеті туралы өлеңдер оқылды.