Дүйсенбі күні, 23 қазанда, Астанада қаласында Медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) жөніндегі Алматы декларациясының қабылданғанына 45 жыл және Астана декларациясына 5 жыл толуына орай ұйымдастырылған жаһандық конференцияның пленарлық отырысы өтті.
Бұл халықаралық іс-шараға әлемнің түкпір-түкпірінен денсаулық сақтау министрліктерінен, даму ұйымдарынан және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдерінен 200-ден астам делегат қатысты.Жұмыс барысында бірталай аспектілер талқыланды, Медициналық-санитариялық алғашқы көмек пен жалпыға бірдей медициналық қамту арасындағы байланыс, нақты мемлекеттерді үлгі ретінде қарастырғандағы Медициналық-санитариялық алғашқы көмек саласындағы реформалары, МСАК қаржыландыру үлгілері және басқа да заманауи және өзекті тақырыптар.
Конференцияда Қазақстан Республикасында жасалған түрлі мобильді кешендер – КТ кешені, флюорографиялық кешен, терапиялық кешен ұсынылды. Біздің университетімізде құрастырылған жылжымалы гемодиализ кешені ұсынылды.