ОӘО функциясы: медициналық және медициналық емес мамандардың біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру.
Оқу-әдістемелік орталық (әрі қарай – ОӘО, орталық) «Қазақстан-Ресей медициналық университеті» Мемлекеттік емес білім беру мекемесінің (әрі қарай – «ҚазРесмедуниверситеті» МЕББМ, университет) жеке құрылымдық бөлімшесі болып табылады академиялық қызмет жөніндегі проректорға (әрі қарай – АҚ жөніндегі проректор) тікелей бағынады.
ОӘО басшысы м.а. Уйсенбаева Шарбану Омергалиевна.
Мақсаттары мен тапсырмалары
- Орталық қызметінің негізгі мақсаттары және тапсырмалары:
- Университеттің оқу процесін, білім беру қызметін оқу-әдістемелік, нормативтік-ұйымдастырушылық және консультациялық қамтамасыз ету және сүйемелдеу.
- Университет кафедраларының оқу-әдістемелік қызметін ұйымдастыру және бақылау.
- Медициналық білім беру саласындағы озық халықаралық педагогикалық тәжірибені зерделеу, бейімдеу және білім беру процесіне енгізу.
Лауазымдық міндеттері: Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға;
- университеттің Ішкі тәртіп ережелерін сақтауға;
- Педагог мектебінің жұмысын үйлестіруге;
- университеттің Академиялық кеңесінің жұмысын үйлестіруге;
- орталықтың жауапкершілік аймағына кіретін құжаттардың формаларын әзірлеуге;
- аттестаттау комиссиясының (бұдан әрі – АК) және мемлекеттік емтихан комиссиясының (бұдан әрі – МЕК) құрамы бойынша «Қазақстан тарихы» пәні бойынша бұйрықтардың қалыптастырылуын бақылауға;
- әдістемелік мәселелер бойынша өзгеде ұйымдардың сұраныстары бойынша ақпаратты, аналитикалық анықтамаларды, есептерді қалыптастыру мен ұсынуды үйлестіруге (ҚР ДСМ немесе ҚР ҒЖБМ және т.б.);
- бакалавриат, интернатура, магистратура, резидентура және докторантура деңгейінде академиялық қызмет бойынша қолданылатын нормативтік-құқықтық актілерді өзектендіруді ұйымдастыруға;
- оқу-әдістемелік қамтамасыз ету және оқу процесін ұйымдастыру бойынша қызметкерлерге және профессор – оқытушылар құрамына (бұдан әрі-ПОҚ) консультациялық көмек көрсетуге;
- орталық жұмысының мәселелері бойынша ҚБ-ді қажетті материалдармен, электронды хат жіберулермен қамтамасыз етуді бақылауға;
- ішкі аудиттерді жүргізуге қатысуға;
- бакалавриат, интернатура, резидентура, магистратура және докторантураның оқу сабақтарына қатысуға;
- оқу-әдістемелік құжаттама нысандарын әзірлеу;
- кафедралардың оқу-әдістемелік жұмысын бақылауды жүзеге асыруға;
- білім беру бағдарламаларын құрастыру бойынша нұсқаулықтар әзірлеу;
- БББ әзірлеу, бекіту және жаңарту, сараптамалық қорытындыларды жинау жөніндегі қызметті үйлестіру;
- университеттің БББ элективті пәндер каталогын әзірлеу, сараптау және бекітуге дайындау бойынша жұмыстарды үйлестіру;
- ҚР және шет елдердің серіктес жоғары оқу орындарымен бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысу;
- дуалды білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша қызметті үйлестіру;
- жүйеде көшіріп алуды анықтау бойынша тексерулерді жүзеге асыру (плагиат);
- бакалавриаттың білім беру бағдарламаларына үштілділікті жоспарлауға және енгізуге қатысу;
- қызметкерлерді оқу-әдістемелік жұмыс саласындағы ИМЖ талаптарын орындауға ынталандыруға;
- оқу процесін ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсыныстарды қалыптастыру үшін отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының оқу процесін жоспарлау және ұйымдастыру тәжірибесін зерделеуге;
- білім беру процесіне инновациялық технологияларды енгізу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
- Денсаулық сақтау – даярлау бағыты бойынша Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің Оқу-әдістемелік бірлестігімен өзара іс-әрекетті жүзеге асыруға;
- ҚР ДСМ немесе ҚР ҒЖБМ сұранысы бойынша оқу-әдістемелік жұмыс мәселелері бойынша ҚР нормативтік-құқықтық құжаттарын жаңарту жөнінде университеттен ұсыныстар әзірлеуге;
- орталықтың бюджетін, жылдық жоспарын және орталықтың құзыретіне кіретін басқа жоспарларды қалыптастыру процесін үйлестіруге;
- Университет басшылығына барлық қажетті, сұратылған құжаттар мен есептерді ұсынуға;
- Құрылымдық орталық туралы Ережені және Орталық қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын талқылауға және бекітуге қатысуға.
Орталықтың негізгі мақсаттары мен міндеттері:
- Оқу-әдістемелік, нормативтік-ұйымдастырушылық және кеңестік қамтамасыз ету және оқу үдерісін, университеттің оқу қызметін қамтамасыз ету.
- Университет кафедраларының оқу-әдістемелік қызметін ұйымдастыру және бақылау.
- Медициналық білім беру саласындағы озық халықаралық педагогикалық тәжірибені зерделеу, бейімдеу және оқу үдерісіне енгізу.
Қызмет түрлері мен функциялары
Функциялар бөлінісінде орталық жүзеге асыратын жұмыс түрлері:
«Университеттің оқу процесін, білім беру қызметін оқу-әдістемелік, нормативтік-ұйымдастырушылық және консультациялық қамтамасыз ету және сүйемелдеу» бағыты бойынша:
- Педагог мектебінің жұмысын үйлестіру;
- Университеттің Академиялық кеңесінің жұмысын ұйымдастыру;
- Орталықтың жауапкершілік аймағына кіретін құжаттарды әзірлеу;
- Аттестаттау комиссиясының (бұдан әрі – АК) және мемлекеттік емтихан комиссиясының (бұдан әрі – МЕК) құрамы бойынша «Қазақстан тарихы» пәні бойынша бұйрықтарды қалыптастыру;
- Әдістемелік мәселелер бойынша өзгеде ұйымдардың сұраныстары бойынша ақпаратты, аналитикалық анықтамаларды, есептерді қалыптастыру және ұсыну (ҚР ҒЖБМ, ҚР ДСМ және т.б.);
- Академиялық қызмет бойынша қолданылатын нормативтік-құқықтық актілерді өзектендіруді ұйымдастыру;
- Профессор-оқытушылар құрамына (әрі қарай – ПОҚ) және әкімшілік-басқару қызметкеріне оқу-әдістемелік қамтамасыз ету және оқу процесін ұйымдастыру бойынша консультациялық көмек көрсету.
- ҚБ-ні орталық жұмысының мәселелері бойынша қажетті материалдармен электрондық таратуды қамтамасыз ету.
- Рейтингтік агенттіктер үшін силлабустарды жинау және жіберу.
- Білім алушылардың дипломдық жұмыстарының тақырыптары мен ғылыми жетекшілерін бекіту туралы бұйрықты қалыптастыру.
- Деканаттардан кафедралардың оқу жылына дайындығы туралы анықтамаларды жинау.
- Білім беру бағдарламаларын (бұдан әрі – ББ) әзірлеу, бекіту және жаңарту, сараптамалық қорытындылар жинау жөніндегі қызметті үйлестіру, ББ жасау жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеу.
- Университеттің ББ элективті пәндер каталогын әзірлеу, сараптау және бекітуге дайындау бойынша жұмыстарды үйлестіру.
- Жоғары білімді басқарудың бірыңғай жүйесінің тізіліміне өтінімдерді одан әрі беру үшін ББ бойынша деректерді енгізу.
- Көшіріп алуды анықтау (плагиат) бойынша жүйеде жұмысты үйлестіру және тексерулерді жүзеге асыру.
- ҚР және шет елдердің серіктес жоғары оқу орындарымен бірлескен ББ әзірлеу.
- Бакалавриаттың ББ үштілділікті жоспарлау және енгізу.
- Қорытынды бақылау формаларын мен кәсіби практикаларды келісу.
- Орталықтың жауапкершілік аймағына кіретін ішкі нормативтік құжаттарды (ережелер, қағидалар, нұсқаулықтар, ұсынымдар, әдістемелік нұсқаулар және т.б.) әзірлеу, жаңарту және бекіту.
- Орталықтың бюджетін, жылдық жоспарын және орталықтың құзыретіне кіретін өзге де жоспарларды қалыптастыру.
- Университет басшылығына барлық қажетті, сұратылған құжаттар мен есептерді ұсынуға;
- Дайындықтың қазіргі және перспективалық бағыттары бойынша мамандарға қажеттілікті болжау үшін мәліметтер базасын құру мақсатында маркетингтік зерттеулерді ұйымдастыру.
«Университет кафедраларының оқу-әдістемелік қызметін ұйымдастыру және бақылау» бағыты бойынша:
- Ішкі аудиттерді жүргізуге қатысу;
- Бакалавриат, интернатураның, резидентураның, магистратураның және докторантураның оқу сабақтарына қатысу;
- Бакалавриат, интернатура, магистратура, резидентура және докторантура деңгейінде оқу-әдістемелік құжаттама нысандарын дайындау;
- Кафедралардың оқу-әдістемелік жұмысын бақылау;
- Силлабустардың техникалық сараптамасы;
- Қызметкерлерді оқу-әдістемелік жұмыс саласындағы ИМЖ талаптарын орындауға ынталандыру.
- «Медициналық білім беру саласындағы халықаралық озық педагогикалық тәжірибені бакалавриат, интернатура, резидентура, магистратура және докторантура деңгейінде зерделеу, бейімдеу және білім беру процесіне енгізу» бағыты бойынша:
- Оқу процесін ұйымдастыруды жетілдіру бойынша ұсыныстарды қалыптастыру үшін отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының оқу процесін жоспарлау және ұйымдастыру тәжірибесін зерделеу;
- Бакалавриат және интернатура, резидентура, магистратура және докторантура деңгейінде білім беру процесіне инновациялық технологияларды енгізу бойынша іс-шаралар әзірлеу;
- Денсаулық сақтау-даярлау бағыты бойынша Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің оқу – әдістемелік бірлестігімен өзара іс-әрекет жасау;
- ҚР ДСМ немесе ҚР ҒЖБМ сұранысы бойынша оқу-әдістемелік жұмыс мәселелері бойынша ҚР нормативтік-құқықтық құжаттарын жаңарту жөнінде университеттен ұсыныстар әзірлеу.
- ОӘО қызмет атқарады: бас маман Жунусова А.Ж., жетекші мамандар Абильмажинова Ж. С., Нурақбаева А.З., Оразбекқызы А.