Университеттің қабылдау комиссиясына жүгінген кезде:
- белгіленген үлгідегі бланкіде ректордың атына өтініш (1-қосымша);
- жоғары білім туралы құжат (түпнұсқа);
- диплом қосымшасының көшірмесі және түпнұсқасы;
- интернатураны бітіргені туралы куәлік (көшірмесі және түпнұсқасы);
- интернатураны бітіргені туралы куәлікке қосымшаның көшірмесі және түпнұсқасы;
- жеке басын куәландыратын құжат (көшірмесі және түпнұсқасы);
- алдын ала кесілген және артқы жағынан қол қойылған 3×4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;
- № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген электрондық форматта 075/е нысаны бойынша Медициналық анықтама.(көшірмесі)
- Шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, төтенше жағдай енгізілген, белгілі бір аумақта әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда, осы іс-шаралардың алынуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына медициналық анықтама ұсынылады;
- шет тілі (ағылшын, неміс, француз) бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат (болған жағдайда);
- еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар адамдар үшін) (кадр бөлімі куәландырған көшірме);
- Денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының көшірмесі;
- ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (олар болған жағдайда).
- картон папкасы (1 дана))
- пошталық конверт, өлшемі А6 (1 дана) (фотосуреттерді сақтау үшін)
Тармақшаларда санамаланған құжаттар 3), 4), 5),6), 9) және 10) түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, салыстырып тексерілгеннен кейін түпнұсқалары үміткерге қайтарылады.
Осы тармақта көрсетілген құжаттар тізбесі толық ұсынылмаған жағдайда университеттің қабылдау комиссиясы оқуға түсушілерден құжаттарды қабылдамайды.
электрондық үкімет порталы арқылы жүгінген кезде:
- үміткердің ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;;
- жоғары білім туралы электрондық құжат;
- интернатураны бітіргені туралы электрондық куәлік;
- Шет тілі (ағылшын, неміс, француз) бойынша тест тапсырғаны туралы электрондық сертификат (болған жағдайда);
- еңбек қызметін растайтын электрондық құжат (еңбек өтілі бар адамдар үшін);
- өлшемі 3×4 сантиметр сандық фото;
- № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген электрондық форматта 075/е нысаны бойынша Медициналық анықтама).
- Шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, төтенше жағдай енгізілген, белгілі бір аумақта әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда, осы іс-шаралардың алынуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына медициналық анықтама ұсынылады;
- ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (олар болған жағдайда).
Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер, жоғары білімі туралы құжат, медициналық анықтама, интернатураны бітіргені туралы куәлік қабылдау комиссиясына “электрондық үкімет”шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден беріледі.
Портал арқылы жүгінген кезде үміткерге “жеке кабинетіне” ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама жіберіледі.
Үміткерге құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Назар аударыңыз! Құжаттарды электрондық үкімет порталы арқылы берген жағдайда,